АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 30 Қыркүйек 2023 03:51

Жас педагог мектебінің отырысы

2023 жылғы 28 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Жас педагог мектебінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде оқу-әдістемелік жұмыс, тәлімгерлерді жас және жаңадан келген мамандарға бекіту мәселелері қаралды. Оқытушылар жас педагог мектебі жұмысының негізгі бағыттарымен танысты. Колледждің тәжірибелі оқытушылары жұмыс оқу бағдарламаларын, сабақ жоспарларын және арнайы пәндерді оқыту әдістемесін әзірлеу бойынша мастер-класс өткізді. Аталған мәселелер бойынша директордың оқу-әдістемелік және ғылыми ісі жөніндегі орынбасары және тәлімгерлер сөз сөйледі.