АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 26 Қыркүйек 2023 11:05

Практикалық сабақ

2023 жылғы 25 қыркүйекте Ақмола облысының «ӨСжАҚЖҚ» ММ МӨСБ-2 базасында «Өрт жеңдері және гидравликалық жабдықтар» тақырыбы бойынша ЧС-22С(ПБ) тобының АҚЖКК студенттерімен практикалық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты теориялық сабақтар барысында алған білімдерін бекіту, өрт және авариялық-құтқару жабдықтарын сынауды ұйымдастыра және жүргізе білу болып табылады.

Практикалық сабақ барысында студенттер өрт-техникалық жабдықтар мен қару-жарақтың жаңа үлгілерімен, оларды пайдалану, сынау, техникалық қызмет көрсету және сақтау тәртібімен және өрт-техникалық жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларымен танысты.

Сабақ соңында МӨСБ-2 басшылығы бідлім алушыларға бөлім аумағы бойынша таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды.