АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 16 Мамыр 2014 00:00

Ұлы Отан соғысы ардагері Габдулкафеев Жават Нурсаифовичпен кездесу

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне, 69 жыл. Сол  жылдардағы  азапты күндер, ешқашан адам жүрегінен  өшпейді. Өмір үшін күрескендер, аман қалғандар еліне, жеріне оралды.

Ұлы Отан соғысы ардагері- Габдулкафеев  Жават Нурсаифович-соғысты бастан аяқ көргендердің бірі. «Көкше » академиясы жанындағы колледж студенттеріне  көзіне жас ала  отыра , басынан кешкен қиын уақыттарын есіне ала әңгімелеп берді.

 Жават  Нурсаифович –биыл 90 жасқа толады. «Сіздің ұзақ жасауыңыздың құпиясы не?» деген сауалға байыппен ғана «Ерте тұрамын, көп қимылдап, қозғаламын,  өзіме айналысатын  іс тауып аламын және де жас ұрпаққа  спортпен шұғылданып, мейірімді, көңілді болып жүру керектігін, көп тіл біліу керек, жоғары білімді болу керектігін » айтып ақыл ,кеңес берді.

Соңында студенттер өз қолдарымен жасап, дайындаған сыйлықтарын силап, мықты денсаулық,бақытты да ұзақ өмір тіледі.