АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 29 Желтоксан 2022 03:38

«Рухтастар» жастар сыйлығы

2022 жылдың 26 желтоқсанында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында «Жастар Рухы» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған «Рухтастар» жастар сыйлығы өтті.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі «Үздік бөлімше» номинациясы бойынша 1 орынды иеленді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Гульжанар Жаксылыковна алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ, «Үздік белсенді» номинациясымен АҚЖКК ПБ-22С тобының студенті Буркитов Нурсултан Ардакович марапатталды. ДТ-41 тобының студенті Сакенова Аружан, АҚЖКК жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ жетекшісі алғыс хатпен марапатталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!