АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 22 Желтоксан 2022 03:36

«Үздік бөлім» атағына байқау

2022 жылғы 22 желтоқсанда АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында 2-курс студенттерімен «Үздік бөлім» атағына байқау өтті.

Үздік бөлімді анықтау төрт кезеңнен тұрды. Командалар қазылар алқасы мен көрермендерге бар шеберліктерін және білімдерін көрсетіп щықты.

Байқау нәтижелері бойынша орындар келесі тәртіппен бөлінді:

  • Бірінші орын – ӨҚ оқу тобының «Қаһарман» командасы.
  • Екінші орын – ЧС оқу тобының «Пять минут тишины» командасы.
  • Үшінші орын – ТЖ оқу тобының «Бүгінгі күннің батырлары» командасы.

Сондай-ақ, конкурс барысында ерекше көзге түскен студенттер қосымша номинациялармен марапатталды:

  • «Жауынгерлік киімді уақытқа киюді орындауда үздік нәтиже» номинациясында – ӨҚ-21Г тобының студенті Тулеубеков Санжар.
  • «Зардап шеккенге құтқару арқанын байлау және бекіту бойынша үздік нәтиже» номинациясында – ТЖ-21А тобының студенті Алмабекұлы Алмаз.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!