АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 20 Желтоксан 2022 10:08

«Қысқы маскарад балы»

2022 жылғы 19 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жыл сайынғы «Қысқы маскарад балы» өтті.

Ең белсенді, жасампаз және дарынды студенттер «2022 Кеш Патшасы мен Патшайымы» байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша кештің Патшайымы мен Патшасы болып ӨҚ-21А тобының студенті Казкен Аружан және ПБ-22Б тобының студенті Тюлюханов Альтаир жарияланды.

Керемет концерттік нөмірлерден, көңілді байқаудан және ғажайып вальстен кейін жиналғандардың барлығы дискотекаға шақырылды.