АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 19 Желтоксан 2022 10:04

Облыстық қазақ драма театрының қойылымын тамашалау

2022 жылдың 14 желтоқсанында АҚЖКК ТЖ-11В тобының білім алушылары Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ драма театрында Ерсайын Төлеубайдың «Алдаспан» қойылымын тамашалады.

Аталған қойылымнан білім алушылар кеңестік-тоталитарлық жүйе саясатына қарсы тұрған қоғам қайраткері, жерлесіміз Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің ұлы ерлігімен қатар, Бауыржан Момышұлы және өнер мен әдебиетте өшпес із қалдырған қаһармандарымыздың өнегелі ісі жайлы мағлұмат алды. 

Театр –  эстетикалық пен ізгілікке тәрбиелеудің мәдени ошағы болғандықтан, білім алушылар тарихи қойылымнан рухани жанына азық жинап, үлкен әсер алып қайтты.

Ибраева Г.Е.