АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 19 Желтоксан 2022 09:59

М.Ғабдуллин музейіне саяхат

2022 жылдың желтоқсан айында АҚЖКК ТЖ-11В тобының студенттері М.Ғабдуллин музейіне саяхат жасады.

Музейге саяхат жасаудағы мақсат - Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткерi М.Ғабдуллиннiң тұлғасы арқылы жастарға Отан қорғау жауапкершiлiгiн ұқтыру, батыр бабаларымыздың ерлiк дәстүрiн насихаттау, этнопедагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру болды.

Топ білімалушылары жазушының ғылыми еңбектері, батырлық жолы, экспозициялық залдағы құнды жәдігерлермен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына танымдық ақпарат алды.

Ибраева Г.Е