АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 15 Желтоксан 2022 17:18

«Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік тобы»

2022 жылғы 14 желтоқсанда АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында 3-курс студенттерімен «Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік тобы» атағына байқау өтті.

Үздік студенттерді анықтау бірнеше кезеңнен тұрды. Бұл кезеңдер барысында білім алушылар өздерінің шеберліктерін, дағдылары мен білімдерін көрсетті.

Байқау нәтижелері бойынша жалпы командалық орындар келесі тәртіппен бөлінді:

  • Бірінші орын – ТЖ-31С оқу тобының ГТҚҚ тобы;
  • Екінші орын – ЧС-32С оқу тобының ГТҚҚ тобы;
  • Үшінші орын – ПБ-32С оқу тобының ГТҚҚ тобы;

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!