АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 12 Желтоксан 2022 03:17

«Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті»

2022 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласының Оқушылар сарайында дарынды жастарды қолдауға және жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған жоба аясында, ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының қатысуымен, «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» марапаттау рәсімі өтті.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің, ПБ-22С тобының студенті Нурсултан Буркитов, АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасының оқытушысы, АҚ полковнигі Акиньшин Николай Анатольевичтің жетекшілігімен ұсынылған ғылыми-зерттеу жобасы үшін ҚР Білім және ғылым министрінің дипломымен және «Топ-100 студент» арнайы төсбелгісімен марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі сәттілік тілейміз!