АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 26 Қараша 2022 05:07

«Қыс-2022» оқу-жаттығуына қатысу

2022 жылғы 25 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің, ПБ-22А және ПБ-22Б топтарының білім алушылары, Көкшетау қаласында өткен, «Қыс-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысып, біліктіліктерін пысықтады. Ұйымдастырушысы – Ақмола облысы ТЖД. 

Оқу-жаттығу «Көкшетау Жылу «РК2» аумағында, зардап шеккендерді сөндіру және құтқару бойынша өтті. Бұл іс-шараға өрт сөндірушілер, дәрігерлер, авариялық-құтқару жасағы, сондай-ақ кинологтар қатысты.