АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 19 Қараша 2022 06:27

Азаматтық қорғаныс кафедрасының «Үздік педагог – 2022» байқауы

2022 жылғы 17 қарашада АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасының оқытушылары арасында «Үздік педагог – 2022» байқауы өтті.

Бұл жыл сайынғы іс-шара оқытушылар арасында тәжірибені, шығармашылық және кәсіби шеберлікті тарату мақсатында өткізіледі.

Құрметті қазылар алқасы тағайындаған жеңімпаздарымыз:

  • Гран-при – Булкаиров Айвар Болатович, отставкадағы АҚ полковнигі, АҚ кафедрасының жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-модератор санаты.
  • 1 орын – Кайнетов Амантай Серикович, АҚ кафедрасының жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-сарапшы санаты.
  • 2 орын – Михайлова Светлана Назымовна, АҚ кафедрасының жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-сарапшы санаты.
  • 3 орын – Аяған Аян Қаныбекұлы, АҚ кафедрасының жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-модератор санаты.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және кәсіби қызметте одан әрі табыс тілейміз!