АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 17 Қараша 2022 08:35

Педагогикалық кеңес

2022 жылғы 16 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде педагогикалық кеңес өтті.

Колледждің психологтары Мазбаева Г.А. мен Жумалина А.М. колледжде оқуға жаңа қабылдау топтарының студенттерін бейімдеу бойынша педагогикалық ұжымның кешенді жұмысын ұйымдастыру және жүргізу мәселесі бойынша баяндама жасады.

Колледж студенттерінің жатақханасында тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды ұйымдастыру мәселесі бойынша колледж жатақханасының коменданты Куанышбаева М.Д. сөз сөйледі.

АҚЖКК педагогикалық ұжымы көтерілген тақырыптардың әрқайсысын талқылап, қарастырды.