АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 17 Қараша 2022 06:24

«Демалыс кеші»

2022 жылғы 15 қарашада, Халықаралық студенттер күні қарсаңында, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің жатақханасында, жатақхана старостасы Омарова Аружан басшылығымен, 1 курс білім алушылары «Демалыс кешін» өткізді.

Студенттер көрермендерді сарқылмас дарынымен, жаңа идеяларымен және шығармашылық нөмірлерімен таң қалдырды. Жарқын кештің жалғасы колледждің Студенттік Парламенті мен ЖІК бастамашысы болған дискотека болды.