АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 15 Қараша 2022 10:16

«Жұмыс беруші күні» іс-шарасы

2022 жылғы 15 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Жұмыс беруші күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара мекеменің жұмыс берушілермен мамандарды даярлау сапасын арттыру бойынша тиімді ынтымақтастығында маңызды көмек болып табылады.

Колледж таныстыру экскурсиясы, тимбилдинг, диалог алаңында кездесу, марапаттау рәсімі, сондай-ақ салтанатты концерті бар бағдарлама мен жоспар дайындады. Мекеме әкімшілігі осы іс-шараға қатысу үшін кәсіпорын басшыларына, білім басқармасына, «Атамекен» ӨКП мекемелеріне шақырулар жолдады.