АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 14 Қараша 2022 11:55

Ашық сабақ

2022 жылдың 14 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, оқытушы Сагатаев Аскар Шугаевич «Топография, бағдарлай білу және төтенше жағдайларда аман қалу» пәні бойынша ТЖ-31А тобымен ашық сабақ өткізді.

Сабақ тақырыбы: «Ормандар. Ормандардың тактикалық  құрылымдары».

Сабақ мақсаты: «Ормандар. Ормандардың тактикалық құрылымдары» тақырыбы бойынша білімді жалпылауға және жүйелеуге жағдай жасау. Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және алған білімдерін практикада қолдану.

Міндеттері: Қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау, қажетті материалдарды бөліп көрсету, мақсаттылықты, жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал ету. Студенттерді өздік жұмысын орындау кезінде нақтылық пен анықтыққа баулу.

Сабаққа топ студенттерінің барлығы дерлік қатысты. Берілген тапсырмаларды уақытылы орындады және қойылған сұрақтарға да толық жауап бере алды.