АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 10 Қараша 2022 03:28

«Ахмет - ұлт ұстазы» атты облыстық эссе байқауына қатысу

Ақмола облысы «Қоғамдық дамыту орталығы» қазақтың ғалымы, түркітанушы, публицист, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет - ұлт ұстазы» атты облыстық эссе байқауын өткізген болатын.

Байқау қорытындысы бойынша білім сынағына түскен ТжКББ оқу орындарының арасынан Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің БББПӘ-11 тобының студенті Тоқтыбаева Жанна жүлделі 3 орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ибраева Гульмайра Ескендировна. Сонымен қатар, қатысушылардың ішінде ерекше көзге түсіп, ынталандыру сыйлығымен ӨҚ-11А тобының студенті Мамырбек Медеу марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шахтай Арайгуль Мараткызы. Жетекшілерге алғыс хаттар, жүлдегерлерге диплом, мадақтау қағазы, ақшалай сыйлықтар, оқулықтар  табысталды.