АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 29 Қазан 2022 09:28

Студенттер қатарына қабылдау дәстүрлі Рәсімі

2022 жылдың 28 қазанында Азаматтық қорғанысжоғары көпсалалы колледжінде студенттер қатарына қабылдау дәстүрлі Рәсімі өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары тәрбие бөлімі, ЖІК, колледждің Студенттік Парламенті болып табылады. Іс-шараның салтанатты бөлімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. құттықтау сөздерінен басталды.

ПБ-22Б тобының екінші курс студенті, АҚЖККСтуденттік Парламентінің президенті Тюлюханов Альтаир «Білім» кілтін ЧС-12В тобының бірінші курс студенті Досымова Аружанға тапсырды.

Бірінші курс студенттерін АҚЖКК студенттер қатарына қабылдауымен құттықтаймыз және колледжде жемісті де бақытқа толы жылдар өткізуге тілектеспіз!