АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 20 Қазан 2022 03:16

Құтқару Антын қабылдау салтанатты рәсімі

2022 жылғы 19 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Құтқарушылар күніне орай 2 курс білім алушылары Құтқару Антын қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Студенттер колледж директоры – Түлебаев Әскербек Жамантайұлынан, полковник – Тураров Сериккан Женисовичтен, сондай-ақ колледж студенттерінің ата-аналарының өкілі – Сапарова Динара Сунгатовнадан құттықтау сөздерін тыңдады.

Іс-шара барысында Құтқарушылар күніне ұйымдастырылған олимпиада және жарыс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Сондай-ақ АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлері мадақтамалармен марапатталды.