АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 14 Қазан 2022 16:15

Олимпиада

2022 жылдың 13 қазанында АҚЖКК екінші оқу корпусында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының кәсіби модульдері мен пәндері бойынша олимпиада өтті.
Олимпиадаға «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша АҚЖКК 3 курс білім алушылары, барлығы 7 команда қатысты.
Олимпиада 4 кезеңнен тұрды:
1. Визит карточкасы.
2. Брейн-ринг.
3. Өрт-тактикалық тапсырманы шешу.
4. Газ-түтіннен қорғаушыны дайындау.
Олимпиаданың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша 1 орын ӨҚ-31Б тобының командасына берілді; 2 орынды ӨҚ-31А тобының командасы, ал 3 орынды ПБ-32С(ПБ) тобының командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар 19 қазанда Құтқарушылар Күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шарада марапатталады.