АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 14 Қазан 2022 10:14

Аймақтық байқауының колледжішілік кезеңі

2022 жылдың 12 қазан күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» аймақтық байқауының колледжішілік кезеңі өткізілді.

Байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Абильтаева С.Б., Касымов М.Ж., Иса Д.С. қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Касымов М.Ж. «Қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі» жұмысы үздік деп танылып, облыстық кезеңге ұсынылды.