АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 14 Қазан 2022 09:38

Қарттар айлығы

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Қарттар айлығы» сәтті өтті.

АҚЖКК жанындағы «Жайнар» еріктілер клубы бір кездері біздің колледжде жұмыс істеген еңбек ардагерлерінің, білім беру саласы үздіктерінің, педагогикалық еңбек ардагерлерінің, денсаулық сақтау саласы үздіктерінің, тыл еңбеккерлерінің үйлеріне  барды.

Бұл іс-шара аға ұрпаққа құрмет, көмек және қамқорлық көрсетудің маңыздылығын айқындайды және жас ұрпаққа бұл құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған.