АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 11 Қазан 2022 05:55

Кураторлық сағат

2022 жылғы 10 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде алдағы Құтқарушылар күнін мерекелеу аясында «Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы беделді мамандық» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Азаматтық қорғаныс кафедрасының ПБ-22А тобының студенттері Көкшетау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды.

Бөлім қызметкерлері студенттерді бөлімшенің құрылымымен, қызмет өткеру ерекшеліктерімен, сондай-ақ қаруланған бөлімнің құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы өрт, авариялық-құтқару техникасымен және жабдықтарымен таныстырды.