АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 10 Қазан 2022 05:28

Әскерилендірілген кросс бойынша жарыстар

2022 жылғы 6-7 қазан аралығында АОСК ОЖО базасында Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Жігер» спартакиадасы бағдарламасындағы Ақмола облысының орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Әскерилендірілген кросс» бойынша облыстық жарыстар өтті.  

Қатысушылар 2000 метрге жүгіру, ату және граната лақтыру жарыстарына қатысты. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы 3 орынға ие болды.

Студенттерімізді құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!