АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 06 Қазан 2022 05:58

Ашық сабақ

2022 жылдың 5 қазан күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 2 оқу корпусында Болатханова Мая Маратқызы мәдениеттану пәнінен «Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа ТЖ-21Б тобының білім алушылары қатысты.

Бұл сабақтың мақсаты: студенттерге қазақтың ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері, әнші-күйші композиторлары туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін пысықтау, тиянақтау. Студенттердің ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге шығармашылық пен жұмыс істеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Студенттердің туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ елінің мәдениетін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабаққа топ студенттерінің барлығы дерлік қатысты. Берілген тапсырмаларды уақытылы орындады жәнеде қойылған сұрақтарға да толық жауап берумен ғана тоқтамады, сабаққа қызығушылық танытып ақпараттарды жан-жақтан қоса отырып жауап беруге тырысты.