АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 01 Қазан 2022 03:30

Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында іс-шара

2022 жылдың 30 қыркүйегінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің бірінші оқу ғимаратында Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында іс-шара өтті. Ұйымдастырушы - колледждің тәрбие бөлімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Гульжанар Жаксылыковна және ЖІК.
Мереке бағдарламасы керемет өнерлерге толы болды. Мұғалімдер үшін: ӨҚ-11А тобының студенттері көрініспен кешті ашты, Студенттік парламент Президенті құттықтау бейнеролигін ұсынды, екінші курс студенттері флэшмоб ұйымдастырды, бірінші курс студенттік хоры «Ұстазым» әнін орындады, би нөмірімен «Шапағат» би тобы өнерін көрсетті, ЧС-12А тобының студенті Макрецкая Джулия және ӨҚ-11А тобының студенті Қожабаева Зарина «Мы любим вас учителя» әнін айтты, бірінші курс студенттері ерекше бимен құттықтады, АҚЖКК «Көп бейінді Дарын» театр үйірмесі сахнада алғаш рет өз өнерін көрсетті, ПК-12С тобы сахнаға көріністермен шықты, бірінші курс студенттері «Ардақты ұстазым» әнін жырлады, «Жастар рухы» ЖҚ шығармашылық нөмірді ұсынды. Мерекені ӨҚ-11А тобының студенті Динаш Шыңғысхан «Бір үйдің баласындай» әнімен аяқтады.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі барлық оқытушыларды тамаша мереке - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтайды!