АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 30 Қыркүйек 2022 03:22

Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында іс-шара

2022 жылғы 29 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің екінші оқу корпусында Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар - ЖІК белсенділері, сондай-ақ тәрбие бөлімінің маманы Валентина Заидовна.

Мерекені ӨҚ-21А, ӨҚ-21Б, ӨҚ-21В және ТЖ-21А тобының студенттері шағын көрініспен ашты, ӨҚ-21Б тобының студенті Рай Орынбек күй орындады, ЖІК белсенділері мерекеге орай көрініс дайындады, студенттер Естаева Ансаған және Леонтьева Ангелина «Озера доброты» әнін орындады, бірінші курс студенттері мұғалімдерді ерекше бимен құттықтады, ЧС-22Б тобының студенті Ангелина Леонтьева - әзіл ретінде, астролог рөлін ойнап мұғалімдердің алдағы жылға жұлдызнамасын оқып берді, студенттер Мускина Аружан және Бекдаирова Кульпан ән орындады, ТЖ-21А тобының студенттері би орындады, тәрбие бөлімінің маманы Валентина Заидовна әнді дайындады. Іс-шараны студенттік хор «Ұстазым» әнімен аяқтады. 

Құрметті ұстаздарды алдағы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз және бар жақсылықты тілейміз!