АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2022 03:04

«Өзге тілдің – бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты фестиваль

2022 жылдың 15 қыркүйек күні Азаматтық қорғаныс каферасының тіл пәндерінің оқытушылары Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі күні қарасыңда ««Өзге тілдің – бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты фестиваль өткізілді.

Аталған шараның мақсаты: - Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, білімалушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Білімалушыларды өлең оқуға, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Білімалушылар өлең шумақтарын оқып, тіл білу деңейлерін көрсете білді. Әсіресе, білімалушылар Һәкім Абай Құнанбаевтың өлеңдерін қазақ тілінде оқып, мемлекеттік тілді үйренуге деген қызғушылқтарын көрсете білді. Атлған іс-шара барысында білімалушылар домбырамен күй тартып өз өнерлерін ортаға салды. Тілдер мерекесі аясында өткізілген шара өз деңгейінде жақсы өтті. Келген қонақтар мен қатысушылар жақсы әсер алып қайтты.

Шаяхимов Д.К., Анафина А.К., Щедрина В.З.