АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 16 Маусым 2022 08:10

Құттықтаймыз!

2021-2022 оқу жылы аралығында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГА»  бағдарламасында «Кезең» 19-шы облыстық спартакиадасы өтті.

Аталған іс-шараға 15 түрлі спорт түрлері бойынша 28 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты.

Спартакиада қорытындысы бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды!

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!