АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 26 Мамыр 2022 08:07

Өз ісінің мамандары

2022 жылғы 24 мамырда «Білім беру процесіне қатысушыларды әдістемелік сүйемелдеудің тиімділігі» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Аталған семинарға АҚЖКК директорының ОӘжҒЖ жөніндегі орынбасары И.В. Перешивкин қатысты.

Семинардың мақсаты: - әдіскердің біліктілік деңгейін арттыру; - озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату.

ТжКОБ ұйымдарының әдіскерлері облыстың жетекші бейіндік колледждерінде болды: «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжі», «Агротехникалық колледжі, Красный яр ауылы», «Ақан сері атындағы Мәдениет жоғары колледжі, Көкшетау қаласы».

Семинардың практикалық бөлігі Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде өтті, онда педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу, электрондық портфолио құру және аттестаттаудан өту рәсіміне эссе жазу бойынша мәселелер қаралды.

Фокус топтардағы жұмыс қызықты және жемісті болды, барлық ұйымдастырушыларға қызықты семинар үшін алғысымды білдіргім келеді.