АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Мамыр 2022 09:41

«Отаным – тағдырым» кіші жобасы аясында студенттермен кездесу

2022 жылдың 19 мамырында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Отаным – тағдырым» кіші жобасы аясында студенттермен кездесу өтті.

Модератор - Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ҚХАА жобаларды іске асыру және құрылымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Жанбатырова Айгүл Бейсембайқызы. Сөз сөйледі:

- ҚХАА жанындағы облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы, «Ардагерлер ұйымы» өңірлік қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы - Толегул Госман Толегулович;

- «Ақмола облысының әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы - Шихалиев Назим Абыоглы;

- Жас Отан жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрағасы, «Думан» педагогикалық жасағының төрағасы, «Ассамблея жастары» өңірлік қоғамдық бірлестігінің мүшесі - Бекешев Султанбек Евгеньевич.