АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 29 Сәуір 2022 09:31

«Колледж оқытушыларына арналған физика бойынша ғылыми эксперименттер күні» тақырыбында семинарлық сабақ

2022 жылдың 28 сәуірінде АҚЖКК Ғылым апталығын өткізу аясында азаматтық қорғаныс кафедрасында физика пәнінің оқытушылары А.Р. Касимов, А.С. Кайнетов және Д.К. Шаханов «Колледж оқытушыларына арналған физика бойынша ғылыми эксперименттер күні» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді.

Аталған іс-шара білім алушылардың физика пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, білім алушыларды физикалық заңдар мен құбылыстарды түсіндіру үшін ғылыми білімді қалай қолдануға үйрету, олардың танымдық қызығушылығын күшейту, студенттердің өзіндік және шығармашылық жұмыс дағдыларын дамыту сияқты әріптестермен тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылды.