АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 29 Сәуір 2022 04:52

"Miss Kokshe - 2022"

2022 жылдың 26 сәуірінде Көкшетау қаласының Ақмола облыстық филармониясында "Miss Kokshe - 2022" салтанатты іс-шарасы өтті.

Байқау төрт түрлі кезеңнен тұрды:

1. Визит карточкасы.

2.Ұлттық киімдер.

3. Шығармашылық нөмір.

4. Кешкі көйлектердегі дефиле.

Байқау қорытындысы бойынша "Miss Kokshe - 2022" атағы ДОВ-22 тобының студенті Павленко Вероникаға табысталды. "I VICE Miss Kokshe – 2022" номинациясында ПМНО-12 тобының студенті Литвин Василиса, "II VICE Miss Kokshe – 2022" номинациясында ТЖ-12А тобының студенті Пуголовкина Милана, "Miss Instagram" номинациясында ӨҚ-11А тобының студенті Қазкен Аружан жеңіске жетті.

Барлық сұлу жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!