АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 28 Сәуір 2022 04:46

«ТЖ және ӨҚ саласындағы болашақ мамандарды даярлау жүйесін жетілдіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел

2022 жылдың 27 сәуірінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Ғылым апталығын өткізу аясында оқытушылар құрамымен және студенттермен бірге азаматтық қорғаныс кафедрасында «ТЖ және ӨҚ саласындағы болашақ мамандарды даярлау жүйесін жетілдіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Бұл іс-шара студенттер мен оқытушылар арасында ғылыми және шығармашылық ынтымақтастықты нығайту, студенттердің өзіндік және шығармашылық жұмыс дағдыларын дамыту үшін ұйымдастырылды.