АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 23 Сәуір 2022 05:06

"Құтқару жұмыстары" құзыреттілігі бойынша "WorldSkills Kazakhstan – 2022" өңірлік чемпионаты

2022 жылғы 21-22 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде "Құтқару жұмыстары" құзыреттілігі бойынша "WorldSkills Kazakhstan – 2022" өңірлік чемпионаты өтті.

Чемпионатқа келесі командалар қатысты:

1. Атырау қаласының Саламат Мұқашев атындағы Политехникалық колледжінің командасы.

2. БҚОӘББ Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің командасы.

3. Солтүстік Қазақстан Кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы.

4. Көкшетау қаласының "Арна" жоғары колледжінің командасы.

5.Көкшетау қаласының Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы.

"WorldSkills Kazakhstan" чемпионаты жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға және кәсіби білім беруді дамытуға ұмтылады. Чемпионатқа қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуге және өз әдістемелері мен техникаларын жетілдіруге мүмкіндік алады.