АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 18 Сәуір 2022 04:56

АҚЖКК жоспарлы директораты туралы БАҚ-та талқылау

2022 жылғы 18 сәуір күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жоспарлы директорат өтті.

Директораттың қарауына келесі сұрақтар ұсынылды: ППжЖБП кафедрасының «Үздік жас педагог – 2022» және АҚ кафедрасының «Үздік педагог – 2022» конкурстарының қорытындылары, WorldSkills Kazakhstan – 2022 өңіраралық чемпионатына дайындық барысы туралы, «Көкше Аруы – 2022» дәстүрлі іс-шарасын өткізу бойынша жұмыс барысы туралы және т.б. оқу және тәрбие үрдісінің маңызды мәселелері. Аталған тақырыптар бойынша директордың орынбасарлары баяндама жасады.

АҚЖКК ұйымдастыратын осындай іс-шаралар педагогикалық құрамның ынтасын арттырады, кәсіби шеберлікті жетілдіруге және кеңейтуге мүмкіндік береді, тәжірибе алмасу үшін жақсы жағдай жасайды.