АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 15 Сәуір 2022 06:49

«Кафедраның үздік оқытушысы – 2022» азаматтық қорғаныс кафедрасының байқауы

12-15 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Кафедраның үздік оқытушысы – 2022» азаматтық қорғаныс кафедрасының байқауы өтті.

Байқаудың «Әдістемелік шеберлік» бірінші кезеңінде оқытушылар өздерінің кәсіби дағдыларын ашық сабақтар өткізу арқылы көрсетті.

Екінші кезең «Педагогикалық шығармашылық» бес түрлі тапсырмадан тұрды.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Болатханова Мая Маратовна жеңіп алды. Бірінші орынды Михайлов Сергей Юрьевич, екінші орынды Алмуратов Нурлан Тлеулиевич, үшінші орынды Сагатаев Аскар Шугаевич жеңіп алды. Сондай-ақ, «Креативті оқытушы» номинациясында жеңіске жеткені үшін Абдина Арайлым Алтынбековна және «Өнерпаз оқытушы» номинациясында Ибраев Токболат Сайдалыевич құрмет грамоталарымен марапатталды.

Оқытушылар құрамын өзін-өзі жетілдіруге ынталандыра отырып, кафедра әртүрлі бағыттарда жақсы дамып, білім сапасын жақсартады.

Барлық жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен және ұйымдастырушыларды сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!