АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 14 Сәуір 2022 10:16

Құттықтаймыз!

2022 жылдың 12-13 сәуір аралығында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan - 2022 өңірлік чемпионаты өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің, ДОВ-42 тобының студенті Самбурова Анастасия «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша қатысып, екінші орын алды.
АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы өз жұмысын табысты орындайды. Біз жыл сайын педагогикалық мамандықтардың білікті мамандарын даярлаймыз. Материалдық-техникалық базаны дамыту, оқыту процесін жақсарту және педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру біздің басым мақсаттарымыз.
Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз және табыс тілейміз!