АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 06 Сәуір 2022 03:51

«Су құбырлары, канализациялар және жылумен жабдықтау желілері мен ғимараттарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында экскурсия сабағы

05.04.2022 ж. ТЖ-21С тобының студенттері Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағына барды. Кездесу барысында студенттер ТЖ жоюға дайындық, түрлі төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жедел отрядтың жұмысымен танысты. Жасақ қызметкерлері келесі бағыттарды көрсетті:

1) Авариялық-құтқару жабдықтарын (hоlmatro) қолдану.

2) Суда құтқару (сүңгуірлердің жұмысы).

3) Кинологиялық қызметтердің кинологиялық жұмыстары, үйінділерде, қысқы жағдайларда, техногендік авариялар мен апаттарда зардап шеккендерді құтқару.

Оқытушы Абдина Арайлым Алтынбековна