АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 05 Сәуір 2022 03:41

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

1-3 сәуір аралығында Талғар қаласында ушу саньда ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ДТ-31 тобының студенті Макишев Айбат 52 кг салмақ санатында екінші орын алып, спорт шебері нормативін орындады. Сондай-ақ, ЧС -32А тобының Анас Нуркеш және ТЖ-31Г тобының Аслан Кодзоев 56 және 80 кг салмақ санатында үшінші орын алып, ушу саньда бойынша спорт шеберіне үміткер атанды.      

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!