АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 05 Сәуір 2022 03:02

Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия сабағы

30.03.2022 жылы Көкшетау қаласының № 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында ПБ-42 А тобының студенттерімен Өрт сөндіру техникасы және авариялық-құтқару жабдығы пәні бойынша экскурсия сабағы өтті.

Сабақта білім алушылар бөлімде жұмыс істейтін өрт сөндіру автомобильдерінің мақсатын, жұмыс принципін және техникалық сипаттамаларын зерттеді.

Бөлім қызметкерлері студенттерді өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен, қызмет өткеру кезеңінде өрт сөндіруші-құтқарушының тұрмысы қалай ұйымдастырылғандығымен таныстырды, өрт сөндірушілер өз қызметінде қандай қиындықтарға тап болатынын түсіндірді, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қызметкерлер пайдаланатын жабдықты көрсетті.

Азаматтық қорғаныс кафедрасының оқытушысы Бейсембаев Р.С.