АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 02 Сәуір 2022 06:52

«Кафедраның үздік жас оқытушысы – 2022» байқауы

29-31 наурыз аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының «Кафедраның үздік жас оқытушысы – 2022» байқауы өтті.

Байқаудың «Әдістемелік шеберлік» атты бірінші кезеңінде жас оқытушылар өздері таңдаған тақырыптарға ашық сабақтар өткізді.

 «Педагогикалық шығармашылық» атты екінші кезең бес түрлі тапсырмадан тұрды:

  • «Мен мұғаліммін» - мұғалімнің визит картасы.
  • «Педагогикалық импровизация» - педагогикалық жағдаяттар.
  • «Жұлдызды уақыт» - тобы бар шығармашылық нөмір.
  • «Тәлімгермен саяхат» - аялдамалардағы тапсырмалар.
  • «Кім?Қашан?Қайда?» -сұрақтарға жауаптар.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Иса Дана Сансызбаева жеңіп алды. Бірінші орынды Попович Инна Витальевна, екінші орынды Темирбаева Айзада Адильбековна, үшінші орынды Прудников Даниил Александрович жеңіп алды. Креативті оқытушы номинациясында Ибраева Венера Канатовна, Өнерлі оқытушы номинациясында Едиге Диас Егизбаевич, Тапқыр оқытушы номинациясында Карибаева Наргиз Жазитовна жеңіп алды.

Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!