АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 01 Сәуір 2022 16:22

Құттықтаймыз!

29 наурыз бен 1 сәуір аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГА» бағдарламасында футзал бойынша «Кезең» облыстық спартакиадасы өтті. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжін лайықты 1 орынмен құттықтаймыз!  Сондай-ақ, үздік бомбардир номинациясында ДТ-31Б тобының студенті Құсайын Диас, үздік ойыншы номинациясында ДТ-41 тобының студенті Бұғыбай Ақжол марапатталды.

АҚЖКК командасы бұл жеңісімен ҚР Ұлттық студенттер лигасына жолдама алды.

Біздің колледж футзалдан облыстық «Кезең» жарысының 4 дүркін иегері атанды. 

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!