АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 25 Наурыз 2022 11:04

Құттықтаймыз!

2022 жылғы 14-18 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ЧС-32Е тобының студенті Престель Виктор ересек жас санатында 3 орынды иеленді. Ол Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына қабылданып, спорт шебері атағын алды. Студенттің жаттықтырушысы - бокстан КСРО спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жоғары санатты АҚЖКК Дене шынықтыру және спорт оқытушысы - Курманов Кенжебек Калиевич.

Біздің жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға тілектеспіз!