АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 18 Наурыз 2022 08:59

Ашық сабақ

    2022 жылдың 16 наурызында Азаматтық қорғаныс кафедрасының апталығы шеңберінде Көкшетау қаласының № 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында оқытушы Р.С.Бейсембаев ПБ-42Б тобының студенттерімен Өрт сөндіру техникасы және авариялық-құтқару жабдығы пәні бойынша "Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдерінің, атап айтқанда: өрт автосаты мен автокөтергіштердің мақсатын, жұмыс принципін және техникалық сипаттамаларын зерттеу.