АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 18 Наурыз 2022 08:35

Топтық жаттығу

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Азаматтық қорғаныс кафедрасының апталығы шеңберінде АҚ кафедрасының оқытушысы, отставкадағы азаматтық қорғаныс полковнигі, техника ғылымдарының магистрі, педагог–модератор Айвар Болатович Булкаиров ӨҚ-21С оқу тобымен «Автокөлік кәсіпорнында өртті сөндіруді ұйымдастыру және тактикасы» тақырыбында топтық жаттығу өткізді.

Топтық жаттығуды өткізудің мақсаты алынған теориялық білімді бекіту, қызметтік борышын орындау кезінде басқару дағдыларын алу үшін өрт болған жерде лауазымды тұлға ретінде әрекет ете білу болып табылады.