АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 18 Наурыз 2022 08:26

«Математика және физика сабақтарының алуан түрлерін ұйымдастырудағы оқыту әдістері мен құралдары» тақырыбында практикум

2022 жылдың 16 наурызында Азаматтық қорғаныс кафедрасының апталығы аясында оқытушылар Кайнетов А.С., Касимов А.Р. және Шаханов Д.К. «Математика және физика сабақтарының алуан түрлерін ұйымдастырудағы оқыту әдістері мен құралдары» тақырыбында практикум өткізді.

Бұл іс-шара оқытушылар арасында тәжірибе алмасу, оқу бағдарламасын жақсарту және дамыту, сондай-ақ оқу процесінде заманауи технологияларды пайдалану идеясын ілгерілету үшін ұйымдастырылған. Жалпы тақырыпта белсенді және салауатты пікірталас жүргізілді, сонымен қатар әртүрлі даулы мәселелер талқыланды.