АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 18 Наурыз 2022 08:03

Арнайы пәндер бойынша білім олимпиадасы

2022 жылдың 16 наурызында біздің колледжде Азаматтық қорғаныс кафедрасының апталығы аясында АҚЖКК жанындағы РОӘБ және АҚ кафедрасымен бірлесіп «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 4 курс білім алушыларымен арнайы пәндер бойынша білім олимпиадасын ұйымдастырды.

Бұл олимпиаданың басты мақсаты азаматтық қорғаныс саласындағы оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету болып табылады.