АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 16 Наурыз 2022 03:46

№2 мамандандарылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия

2022 жылдың 15-і наурызында Азаматтық қорғаныс кафедрасының апталығы шеңберінде ӨҚ-11С тобымен  «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жабдықтары мен техникасы» пәні бойынша Көкшетау қаласы №2 мамандандарылған өрт сөндіру бөліміне (СПЧ-2) экскурсия өткізілді.

Экскурсияның мақсаты білім алушыларды арнайы өрт сөндіру автомобильдері және басқада өрт сөндіру техникаларымен жіті таныстыру болып табылады.

Іс-шара барысында Көкшетау қаласы ӨСБ-2 аға инженері, Азаматтық қорғаныс капитаны Т.М.Байздрахмановтың жетекшілігімен білім алушылар өрт сөндіру және апаттық-құтқару жабдықтары және техникаларымен танысты, сондай-ақ оларға құрал-жабдықтармен техникаларға жеке мінездеме берілді және қолдану жағдайлары түсіндірілді.