АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 15 Наурыз 2022 05:59

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

2022 жылғы 9-12 наурыз аралығында Щучинск қаласында Қысқы Президенттік көпсайыс бойынша «Кезең» облыстық спартакиадасы өтті. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері Калиев Асан ДТ-41 тобы, Баранов Владимир ФК-12Б тобы, Ахметжан Ермек ӨҚ-21Г тобы, Акпанова Карлыгаш ДОВ-22 тобы, Боранбаева Карина ФК-42А тобы, Миних Виолетта ФК-12А тобы жалпыкомандалық есепте 1 орын алды. Сонымен қатар қыздар командасы 1 орын, жігіттер командасы 2 орын алды. Қыздар арасындағы жеке біріншілікте Акпанова Карлыгаш 2 орын, Боранбаева Карина 3 орын алды. Ұлдар арасында Ахметжан Ермек 2 орын, Баранов Владимир 3 орын алды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!